kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096  

Алматы университеті «Сәтті қадам» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

      Алматы Университеті «Сәтті қадам» жәрмеңкесін 2021 жылдың  17-ші мамырында онлайн форматта 16 (он алты) жұмыс беруші ұйымдар, компания және де бітіруші түлектердің қатысуымен іс-шара өткізді.  Жәрмеңке Алматы университетінің «Педагогика және психология» кафедра меңгерушісі Махмутов Б., «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедра меңгерушісі Турсымбекованың З.Ж., алғы сөздерімен ашылды.

   «Сәтті қадам» бос жұмыс орындар жәрмең­кесіне қатысушы университеттің бітіруші түлектеріне  кәсіби бағдар бөлі­мінің мамандары тарапынан 2020–2021 жыл­дарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкер­лікті дамыту «Еңбек» бағдарла­масы бойынша толықтай кеңес берілді. Бітіруші түлектерге жастар практикасы жайлы ақпарат­тар айтылып, қойылған сұрақ­тарға орталықтың тиісті мамандары жауап берді.

    Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жауапты өкілі Елемесова  Ж.М. КММ «Жастар тәжірибесі бағдарламасы» жайында толық ақпаратты  берген болатын.

      Аталмыш шараға қатысқан ұйымдар тізімі:

  1. Қаскелең қаласының облыстық балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты КММ
  2. ЖШС «АДМ-Газ».
  3. Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы
  5. ЖШС «Альянс-газ» компаниясы
  6. ЖШС «Керемет» компаниясы
  7. Назарбаев Зияткерлік мектебі
  8. А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп КММ
  9. Ы.Алтынсарин ат.орта мектеп КММ
  10. Сәтпаев университеті
  11. Ш.Құдайбердіұлы ат.№75 мектеп КММ
  12. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті.
  13. Алматы қалалық адвокаттар алқасы.
  14. НСК сақтандыру компаниясы
  15. 144 орта мектеп КММ
  16. №123 К.Яссауи атындағы мектеп-гимназиясы.

WordPress Lessons