kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096  

Алматы университетінде «Nur Otan» партиясының Әуезов аудандық филиалы «Бірлік» БПҰ мүшелерімен жиналыс өткізілді

2021 жылдың 21 сәуір күні Алматы қаласы, «Nur Otan» партиясының Әуезов аудандық филиалы Алматы университетінің «Бірлік» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен Zoom платформасында онлайн форматта кезекті  жиналысын өткізді.

Жиналысты «Бірлік» БПҰ төрағасының орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі проректор Сағат Құтбанұлы Әлдекенов ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен, атап айтқанда: Бастауыш партия ұйымының 2020-2021 жылдары атқарылған  жұмыстары бойынша есебін тыңдау, БПҰ төрағасы мен орынбасарын қайта сайлау, «Nur Otan» партиясының Әуезов аудандық филиалының конференциясына делегат сайлау  туралы таныстырып өтті.

Партия ұйымының төрағасы, университет ректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы көпшілікке партиямызың ел арасында атқарар қызметінің жоғары тұрғандығын және  2020-2021 жылдардағы партия жұмысына есеп бере отырып, қыруар жұмыстар жасалғандығына тоқталды, әлеуметтік бастамалар туралы толықтай түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, партияның төрағасы мен орынбасарын қайта сайламай, қалдыру туралы партия мүшелерінің ұсынысын бірауыздан мақұлдап, «Nur Otan» партиясының Әуезов аудандық  филиалының конференциясына «Бірлік» БПҰ төрағасы, университет ректоры М.Е.Ермағанбетов делегат ретінде қатысатындығы қабылданды.

WordPress Lessons