kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096  

Алматы университетінде “Ғалым, педагог, басшы” атты республикалық ғылыми вебинар ұйымдастырылды

2021 жылдың 21 мамыр күні Алматы университеті ұжымы ұйымдастырумен университет ректоры, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Мүбәрак Ермағанбетұлының 70 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Айтулы күнге орай  “Ғалым, педагог, басшы” атты республикалық ғылыми вебинар ұйымдастырылды.

Онлайн түрде өткізілген бұл шарада атпал азаматтың ерен еңбегі мен ғылымға қосқан үлесі сөз болды. Еңбекпен есейіп, талаппен қанатын қатайтқан қайратты ердің өмір жолы жастарға үлгі етілді.

Мамыр айында дүние есігін ашқан мерейтой иесі білімі мен біліктілігінің арқасында қызмет сатысында жоғары көтерілді. Жастарды әрдайым қолдап, мүддесін ойлап, оқытушылардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға, студенттердің білім сапасын жоғарылатуға, оқу үдерісіне жаңа технологияларды енгізуге бар күшін салды.

Алқалы жиында алғашқы сөз алған мерейтой иесінің ардақты ұстазы, ҚР ҰҒА академигі, Республика ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері Еренғайып Мәлікұлы Шәйқұтдінов М.Ермағанбетұлының азаматтығын, қайраткерлігін тілге тиек етіп, дара тұлғасы мен білім-парасатын кейінгі толқынға үлгі ете отырып, ақ батасын берді.

70-ке келіп, кемелденген ел ағасының жақын досы, әрі ғылым-білім саласында иық тірестіре еңбек еткен академик, қоғам қайреткері Серік Жайлауұлы да ғылымға келу жолы мен студенттік өмірдегі қызғылықты жайларын, көшбасшылық қасиетін атап өтті.

Алматы қаласы, Әуезов ауданының әкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлының атынан әкімнің орынбасары Дастан Қайратұлы сөз тізгінін алып, жылы лебізін білдірді.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, х.ғ.д.,үзеңгілес жолдасы Әлімғазы Оразұлы да ғылымға қосқан үлесі жайлы әңгімеледі, органик есебіндегі мықты экспериментатор екендігіне тоқталып өтті.

Алматы қаласының “Парасат” кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Данат Жанатайұлы өз естеліктерімен бөлісіп, ақжарма тілегін жеткізді.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессорлары, академиктер Сманов Бахтияр Өрісбайұлы, Әбдіғазиұлы Балтабай, Кенжебаев  Ғабит Капезұлы мерейтой иесінің адами қасиеттеріне, ғалымдық келбеті турасында ой өрбітті.

Тарлан тұлғаның тағдырынан тағылым алу жайлы сөз қозғаған Алматы облысы бойынша “Өрлеу” біліктілік арттыру орталығының басшысы, п.ғ.д., профессор Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы да өзінің інілік жылы лебізін білдірді.

Профессордың өзі секілді аса зерделі, пікірлес, қаламдас жолдастары және әріптестері Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де істеген жылдардағы жұмыстары жайлы, 30 жылдай жемісті еңбек еткен шәкірттері: ҚР ҰҒА академигі, х.ғ.д., профессор Елікбаева Гүлжаһан Жағыпарқызы және Чугунова Нина Иванқызы мазмұнды түрде сыр шертісті.

Сөз соңында Алматы университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Нурлихина Гульмира Болатқызы, Алматы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының PHD докторы  Әлдекенов Сағат Құтбанұлы өз құттықтауларын өрелі оймен өрнектеп, әдемі сөзбен жеткізді.

Вебинар модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің докторанты Найманбаев Алмас Әбдіманапұлы жатық  тілімен, әдеби сөздермен іс-шараны ұтымды жүргізді. 

Сондай-ақ, дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері, ф.ғ.к., Сарысу ауданының Құрметті азаматы – Сауле Жанпейісова өзінің ақ жарма тілегін жеткізіп, «Арқалықтың ақ таңы» атты әнді орындап берді.

Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің студенті Хамидулла Шерхан – “Сайра бұлбұл”, халық әні “Бекзатым-ай” әндерін домбырада орындап, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Үздіксіз үміт пен ізденістің, адал еңбектің иесі М.Ермағанбетұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.

Алматы университетінің студенті, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы – Құрманғазы Мәрденов “Әке” атты әнді орындап қатысушыларды бір серпілтіп тастады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Сағат Құтбанұлы Әлдекенов Қазақ вальсінің каролі, композитор Ш.Қалдаяқов пен Ә.Бейсеуовтің әндерінен попури орындады.

Күмбірлеген домбырамен ән айтылғаннан кейін университет ұжымы -өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан  басшы Мүбәрак Ермағанбетұлының иығына шапан жауып, тамаша тілектермен қорытындылады.

Кеш мерейтой иегерінің  қорытынды сөз сөйлеп, құрметті қонақтар қауымына,  әріптестеріне алғысын білдіруімен өз мәресіне жетті.

Құрметті Мүбәрак Ермағанбетұлы Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтамыз. 70 жасыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!

 

WordPress Lessons