kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096  

Діни басқарма өкілдерімен кездесу өтті

2021 жылдың 25 ақпан күні Алматы университетінде «Zoom» платформасында онлайн режимде жоспар бойынша Алматы қаласы, Діни басқармасының өкілі, лектор, эксперт-дінтанушы, гуманитарлық – ғылымдарының магистрі Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлымен студенттер арасында дәріс өткізілді.

Жастармен өткізілген дәрістің мақсаты – терроризмнің, діни экстремизмнің алдын-алу, діндегі бүлдіргіш күштердің ықпалын түсіндіру болып табылады.

Кездесуге университет ректоры, профессор Мүбарак Ермағанбетұлы, тәрбие ісі жөніндегі проректор Сағат Құтбанұлы, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер жалпы саны 80 адам қатысты.

Лектор Т.Әліп қазіргі таңда жастарымызға діни ұйымдардың іс – әрекетінің заңға сәйкес келмейтінін дұрыс түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасында және басқада мемлекеттерде тыйым салынған діни ағымдардан абай болу және осындай діни ағымдардың мемлекетіміздің дамуына нұқсан келтіретінін де айтып түсіндірді.

«Дін мәселесі қазіргі уақытта айрықша маңызға ие болып отыр. Кейінгі он жылда жастардың дінге бет бұру тенденциясы өте жоғары көрсеткішке жеткенімен, рухани дін жолына түскен жастарымыздың арасында дәстүрлі діннен ауытқып, өзгенің жетегінде кеткен жандардың бар екені жасырын емес»,- деді.

Сонымен қатар, жастарға қазіргі уақытта олардың тек білім алуының дұрыс екендігін, дұрыс жолға қадам басуы дұрыс екендігін айтып, университет студенттерінің әр-түрлі сауалдарына жауап берді.

Дәрістің соңында тәрбие ісі жөніндегі проректор С.Әлдекенов эксперт-дінтанушы Т.Әліпке университет ұжымының атынан шексіз алғысын білдірді.

WordPress Lessons