kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096  

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді құттықтау шарасы өтті

    2021 жылдың 06 мамыр күні Алматы қаласы, Әуезов аудандық әкімдігінің жоспар тапсырмасы бойынша  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдық мерекесін атап өту мақсатында, аудандағы ардагерлер мен қарттарымызға «көңіл бөлу» қайырымдылық шарасы жүргізілді.

Осы қарттарымызға қайырымдылық құрмет көрсету шарасына қолдау көрсеткен университет ректоры Мүбарак Ермағанбетұлына алғыс білдіреміз!

Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сағат Құтбанұлы Әлдекеновтің ұйымдастыруымен Әуезов ауданы әкімдігінің біздің университетке бекіткен ардагерлерінің үйлерін аралады.

Сонымен қатар, Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері мен белсенді студенттер ардагерлерге қамқорлық көрсету мақсатында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Тыл еңбек ардагерлеріне барып, сұхбаттасып, азық – түлік табыстап қайтты.

Олар  қариялардың сұрапыл соғысқа қатысып, келер ұрпаққа бейбіт өмір мен ашық аспан сыйлағаны үшін зор ықыластарын білдірді.

Алматы университеті мұндай шараларды жиі ұйымдастырады әрі ерікті белсенділеріміз ардагерлерге көмек қолын созып, әрдайым көмектесіп тұрады.

Қамкөңіл қарттардың көңілдерін қуанышқа толтырып жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

 

WordPress Lessons