kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096  

«Махамбеттің сарқыты» атты поэзиялық кеш өтті

2021 жылдың 8 ақпанында Алматы қаласының «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының  Жас мамандар кеңсесінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына орай «МАХАМБЕТТІҢ САРҚЫТЫ» атты  поэзиялық-сазды кеші өткізілді.

Аталған кешке Алматы университетінің кітапхана меңгерушісі Ж.Динистанова және белсенді студенттер,  Қазақстан Жазушылар одағының ақын-жазушылары, Құрманғазы атындағы Ұлттық консероваториясының өнерпаздары, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері мен Алматы қаласының жоғары оқу орындарының  студенттері қатысты.

Поэзиялық кештің мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын,  ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сырымен танысу.

Студент жастар ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаушы, белгілі дәстүрлі әнші, өнер жұлдыздары Еркін Шүкімән, айтыскер ақын, әнші Бағдат Дүйсен, күйші Аршын Кәсімбайұлы және тағы басқа өнерпаздардың өнерін тамашалап қайтты.

Алматы университетінің 1 курс студенті Молдабек Аяулым поэзия кешіне белсене қатысқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Орталық ғылыми кітапхана жастарының орындауында «Атырау-Алтай» поэмасынан үзінді оқылып, жастарымызға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

WordPress Lessons