kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096  

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні аталып өтті

2021 жылдың 5 наурыз күні Алматы Университетінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Zoom  платформасы онлайн режимінде «Қыз елдің көркі, Ана-әлем жүрегі» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Марденов Құрманғазы модератор болып, тізгінді қолға алды.

Жиын барысында алғашқы құттықтау сөз университет ректоры, профессор Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлына берілді. Салтанатты жиында мерекеге орай университет ұжымының қызметкерлері мен оқытушылары  Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталып, гүл шоқтары табыс етілді.

Қонақ ретінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова аналарды, ару-қыздарды құттықтап, әннен шашу шашты. Жиын онлайн форматта болғандықтан, Қазақстан эстрада жұлдыздары Алматы Университетінің Ару-аналарын, қыз-келіншектерін құттықтап,бейне жазбаларын тарту етті.

Жиын соңында Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Әлдекенов Сағат Құтбанұлы барлық қатысушыларға рахметін айтып, салтанатты жиынды тәмамдады.

WordPress Lessons