kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096  

«Жамбыл Жабаев – Ұлы Даланың алып жыршысы»

Биылғы жылдың айтулы мерекелерінің бірі – қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, сазгер, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы.

Мерейтойға орай, 2021 жылдың 26 ақпан күні Алматы университетінің ұйымдастыруымен Әуезов аудандық әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, тәрбие ісі жөніндегі проректор С.Әлдекенов студенттермен бірге Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылындағы ақынның кесенесі мен мұражайына тарихи – танымдық саяхат ұйымдастырды. Ақын мұражайына саяхат арқылы – өскелең ұрпақ ақынның өмірі мен шығармашылығын терең түсіне отырып, тәрбиелік мәні зор рухани байлық алып қайтты.

Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтеді.

Жамбылдың әдеби – мемориалдық мұражайында 13 жасынан бастап ұстаған жеке домбырасы, ат әбзелдері, өмірінің соңына дейін киген бөркі мен шапандары, ас үйі, М.Әуезов, С.Мұқанов сынды майталмандардың аяқ басқан жұмыс бөлмесі, күй анасы Динамен бірге домбыра шертіп отырған балауыз мүсіні мен тарихи көптеген суреттер, бәрі – бәрі тарихтан терең сыр шертіп тұрғандай.

WordPress Lessons